Жұлдызай-2015

 

 

 

2015 жылдың 14 сәуір күні Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жұлдызай-2015» шығармашылық байқауы өтті. Өнердің әр түрінен байқауға қатысқан 10-18 жас аралығындағы  мүмкіндігі шектеулі балалар ән салып, би биледі. Түрлі классикалық шығармаларды аспаптарда шебер ойнап, қолдарынан шыққан бұйымдарын көрмеге қойды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның назарын аударып, оларға деген қамқорлық  қарым-қатынасын нығайту, балалар шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында  ұйымдастырылған бұл байқауда Үржар балалар психоневрологиялы медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілері Төлегенов Әлібек (15жас) пен Құрбанов Аман(12жас) сәнді-қолданбалы қолөнер номинациясы бойынша қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Атап айтсақ, Әлібек балық сүйегінен әдемі туындылар жасап, нағыз шеберлігін танытса, Аман жұмыртқаның қабығынан күрделі компазицияларды жасады. Сондай-ақ,  көрмеде олардың  басқа да достарымен бірлесіп орындаған жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе киіз бен қайыстан жасалған ұлттық нақыштағы жұмыстары әділ-қазы мүшелерін таң қалдырды.  Бұл балалардың білімділігі де сол олар көрмеге қатысқанда шығарманың тақырыбына да ерекше мән береді.

         Биылғы жылы «Жұлдызай» шығармашылық байқауына 10 жыл толуына байланысты  байқау ерекше  өтті. Бұл күнгі байқауға Қазақстан эстрада жұлдыздары шақырылып, жүлделі орындарға ие болған балаларды облыстық білім беру басқармасының басшысы А.Нұргазиевтің арнайы сертификаты мен бағалы сыйлықтары  табыс етілді.

         Бұл конкурска облыстың түпкір-түпкірінен жиналған дарынды балалардың ортасынан дара шығып, үздік танылған бүлдіршіндер бүгінде Астана қаласында өтетін Республикалық байқауға жолдама күтуде.

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?