Зырян ауданының Грехово ауылында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Оңалту орталығы ашылуы

     2016 жылғы 12 желтоқсанда Зырян ауданының Грехово ауылында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 80 орынды Оңалту орталығын салтанатты ашылу шарасы өтті.

     2013 жылы «Казцинк» АҚ Зырян тау-кен байыту комбинатының бұрынғы әкімшілік шаруашылық корпусын жергілікті бюджетке берген. Облыс әкімімен ол ғимаратты тірек-қозғалыс жуйелері бұзылған мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығы ретінде қайта жөндеу шешімі қабылданған.

     Осы мақсаттар үшін республикалық бюджеттен 409,9 млн. теңге, облыстық бюджеттен 22,8 млн. теңге бөлінген.

      Жұмыстар аяқталды. Мекеме қазіргі заманға сай құрылғылармен жасақталған: мультисуставты емдеу-диагностикалық кешені, жаттығу жасау құралдарының түрлері, локомоционды жол, асыру жүйесі, интервалды вакуумды терапия аппараты, аяқтардың  массаж-үйіру ваннасы. Арбалар, көтеру құрылғылары алынды.

     Психологиялық жеңілдеу кабинеті, дене шынықтыру емдік кабинеті, физиоемдеу кабинеті қызмет етеді. Қызмет алушылар үшін сауна мен бассейн қарастырылған.

     Орталық персоналы дайындалды: дәрігер-терапевт, дәрігер-невропатолог, дәрігер-травмотолог-ортопед, дәрігер-оңалтушы, ЛФК инструкторы, еңбек терапиясы бойынша инструктор, орташа медициналық персонал. Мамандардың бір бөлігі әрекет етуші арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тәжірибе алмасу өткен. Қазақстан мен ТМД елдерінде медициналық жоғарғы оқу орындарында дәрігерлердің біліктілігін арттыру қарастырылуда.

     Салтанатты ашылу шарасына Светлана Ивановна Ферхо – Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер бойынша кеңесшісі, Әсем Бекқызы Нүсіпова – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Айбек Мүталапханұлы Кәрімов – Зырян ауданының әкімі, Елена Васильевна Старенкова – ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының директорлары, Зырян ауданының активі, БАҚ өкілдері қатысты.

     Ашылу шарасы қонақтарға арналған шағын концерттік бағдарламамен және әлеуметтік және медициналық қызметтер ұсынатын кабинеттермен танысумен жалғасты.

      Еліміздің тәуелсіздігінің бастапқы жылдарында Шығыс Қазақстан облысында тек 7 медициналық әлеуметтік мекемелер жұмыс істеген. 25 жыл көлемінде облыста жалпы саны 810 орынды 8 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары ашылды.




Сіз кім болып жумыс істейсіз?