Бақылау нәтижелері туралы есеп

ҚР ҚМ ҚБК Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының 2015 жылдың бірінші жарты жылдығына облыстың жергілікті атқарушы органдарында жүргізілген бақылау-тексеру қызметінің нәтижелері бойынша

 

Есепті кезеңге жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелерде 155 бақылау іс-шаралары жүргізілді, онда 150 жағдайда жалпы сомасы 13 525,1 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

- 7 977,9 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар;

- 2 043,4 млн. теңгеге ережелерді, талаптар мен рәсімдерді сақтау кезінде анықталған бұзушылықтар;

- 3 503,7 млн. теңгеге қорытындысына әсер еткен, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері тұрғысында төмендегі мекемелерде ең көп бұзушылықтар сомасы анықталды:

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары – анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 856,2 млн. теңге, сатып алу қорытындысына әсер еткен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар сомасы – 1 230,1 млн. теңге;

- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы – анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 2 076,5 млн.теңге, сатып алу қорытындысына әсер еткен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар сомасы – 131,0 млн. теңге, оның ішінде 102,5 млн. теңге ШҚО Шемонайха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне тиесілі;

- Денсаулық сақтау – анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы - 454,6 млн.теңге, сатып алу қорытындысына әсер еткен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар сомасы – 30,3 млн. теңге, оның ішінде 17,0 млн. теңге «Шығыс Қазақстан облысының туберкулезге қарсы диспансері» ШЖҚ КМК тиесілі;

- Білім беру – анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 725,9  млн.теңге, сатып алу қорытындысына әсер еткен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар сомасы – 251,4 млн. теңге, оның ішінде 113,8 млн. теңге  ШҚО Көкпекті ауданының білім беру бөліміне тиесілі.

Қабылданған шаралар барысында 2 071,7 млн. тенге көлемінде қалпына келтіруге және қайтаруға жатқызылған бұзушылықтардың жалпы сомасынан, есепті кезеңде қалпына келтірілгені - 1 616,7 млн. теңге, қайтарылғаны – 20,4 млн. теңге.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке 126 лауазымды тұлға тартылды, әкімшілік жауапкершілікке                         50 лауазымды тұлға тартылып, оларға 7,7 млн. теңге сомасында айыппұл салынды, оның 6,0 млн. теңгесі бюджетке қайтарылды.

ШҚО жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметінің (бұдан әрі ЖАО ІБҚ) бақылау қызметінің сапасын жақсартуды көрсететін, ҚР бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес, Инспекциямен ағымдағы жылдың басынан ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті өкілдерінің қатысуымен ЖАО ІБҚ өкілдерімен «дөңгелек үстел» отырыстары мен семинарлар өткізілді.

Сонымен қатар, Инспекция ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік сатып алу туралы заңнама мен бюджет заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша мемлекеттік органдар мен бақылау объектілерінің өкілдерінің қатысуымен 39 семинар-кеңес өткізді.

              

ҚР ҚМ ҚБК ШҚО бойынша

қаржылық бақылау инспекциясы

  

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?