Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бизнес-инкубатордың ашылуы

 

 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бизнес-инкубатордың ашылуы

 

Өскемен қаласындағы «Мүгедектер ерікті қоғамының» базасында    2015 жылғы 12 маусымда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бизнес-инкубатордың ашылуы болды.

Бизнес-инкубаторды ашудың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіби тұрғыда оңалту және қоғамда бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар арасынан жеке бизнесін жүргізуге қабілетті жандарды анықтау және тұрақты жұмыс орындарына орналасу кезінде қажет болып табылатын дағдыларды алу.

Бизнес-инкубаторды үш бағытқа бағытталған.

1 Тігін шеберханасы

2 Уқалау кабинеті

3 Баспа жұмыстары (веб-дизайн, фотошоп)

 

Бизнес-инкубатордың алға қойған мақсаты:

1 Еңбек нарығында өзекті деп табылған бағыттар бойынша қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру

2 «Жұмыспен қамту жол картасы-2020»мемлекеттік бағдарламасы , Даму қоры, салық заңнамалары бойынша бизнес-кеңестер өткізу

3 Кеңселік жұмыс орындарын ұсыну және жеке ісін бастау кезінде экономикалық-құқықтық сүйемелдеу.

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?