Мемлекеттік қызметкерлердің сегіз этикалық нормасы

Мемлекеттік қызметшілер мынадай этикалық нормаларды басшылыққа алуға тиіс, олар сегіз:

1. Ол өкіметті және өкілеттіктерді билей білуге және  сонымен бірге адал болуға тиіс.

2. Мемлекеттік қызметте  өзінің жеке игілігі үшін емес, мемлекеттің игілігіне жұмыс істеу қажет, мемлекеттің қаражаттарын өз қалтасымен шатастыруға болмайды.

3. Чиновник «Немен өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпастан өмір сүруге тиіс,  өйткені оның виллаларының,  олардың айналасындағы биік дуалдардың және шетелдік машиналар жолдарының суреттерін түсірудің көрініс табуы үшін негіздер болмауға тиіс.

4. Заңдардың талаптарына толық сәйкес өмір сүру маңызды.

5. Кез келген жерде, кез келген лауазымда, қандай жағдайда болмасын  өз еліңнің  халқының, азаматтарының сенімін жоғалтпайтындай етіп жұмыс істеу қажет.

6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың  үлгісі болуға, адамдар арасында  өзін ұстай білуге тиіс.

7. Ұжымды басқарудан бұрын, оның өзі бағынуды үйренуге, өз қызметкерлдерінен  талап ететінді өзі орындай білуге тиіс.

8. Егер мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келгенін немесе жемқорлық әрекетіне дайындықты көрсеңіз, дереу араласқан, шара қолданған жөн.

Н. Назарбаев



Кем Вы работаете?